СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
Жиі қойылатын сұрақтар
Қарыз сомасы 300 000-нан 15 000 000 ₸-ге дейін, мерзімі — 7 жылға дейін.
Алдымен автокөлікті таңдап, автонесиеге өтінім беріңіз. Өтінім мақұлданғаннан кейін автокөлік бағалаудан өтеді. Одан кейін шартқа қол қою қажет, содан соң ақша қаражаты беріледі. Автонесиені рәсімдеу кезінде автокөлік иесінің қатысуы міндетті.
Сатып алушының және сатушының жеке куәлігі, сондай-ақ автокөліктің техникалық паспорты.
Несиелеу мерзімі 3 айдан 7 жылға дейін.
Минималды пайыздық мөлшерлеме айына 2,8%-дан басталады.
*ЖТСМ 46%-дан аспайды.
Бастапқы жарна міндетті емес. Бастапқы жарнасы 0% болатын несие рәсімдеуге қолжетімді.
Шығарылған жылы 2000 жылдан бастап, шанақта басып шығарылған VIN-код болуы, қазақстандық тіркеу, төленген кәдеге жарату алымы, кепілде, ауыртпалықта және тыйымда болмауы. Оң жақ жүрісті автокөліктер, жүк көліктері, коммерциялық автокөліктер, автобустар, Toyota Alphard және Honda Odyssey минивэндері, сондай-ақ жасы 3 жылға толмаған АҚШ-тан келген автокөліктер (басып шығарылған VIN-і жоқ) қаралмайды.
Иә, автокөлікті дилерден де, жеке тұлғадан да сатып алуға несие рәсімдеуге болады.
Автокөлік бағалауы біздің филиалдарда жүргізіледі, ол автокөліктің өтімділігі мен техникалық жағдайына байланысты. Бағалау сомасы максималды түрде автокөлігіңіздің нарықтық құнының 70%-ына дейін жетеді.
Толық немесе ішінара мерзімінен бұрын өтеу сізге ыңғайлы кез келген уақытта жүзеге асырылады, пайыздар тек нақты пайдаланылған күндерге ғана есептеледі. Ішінара мерзімінен бұрын өтеудің минималды сомасы 3 айлық төлемдерді құрайды.