Автокөлікке микронесиеге өтінімді қалай беруге болады?

1-қадам. Калькулятор
Автокөлікке микронесие бетінде калькуляторға мәліметтерді енгізіңіз: автокөліктің құны, несие мерзімі және бастапқы жарна. Калькулятор ай сайынғы төлемді автоматты түрде есептейді.

2-қадам. Жеке мәліметтер
Жеке мәліметтерді толтырыңыз, сондай-ақ деректерді өңдеу туралы келісімге қол қойыңыз (барлық қажетті ұяшықтарды белгілеңіз). Сіздің мәліметтеріңіз кредиттік лимитіңізді анықтау үшін қажет.

3-қадам. СМС арқылы келген кодты енгізіңіз.
Код сіз көрсеткен нөмірге жіберіледі. Егер нөмірді қате енгізсеңіз, “Телефон нөмірін өзгерту” батырмасын басу арқылы оны түзете аласыз. Назар аударыңыз: нөмір eGOV және ЭЦҚ-ға тіркелген болуы қажет.

4-қадам Қосымша деректер
Жүйенің несиелік лимитіңізді анықтауын жеңілдету үшін барлық қажетті ақпаратты, сондай-ақ байланыс тұлғаңызды енгізіңіз.

5-қадам. Банк үзіндісі
Банктің қосымшасына кіріп, соңғы 6 айдың банктік үзінді көшірмесін сұратыңыз. Қосымшаға тіркейтін үзінді көшірмелердің максималды саны – 5.

6-қадам. Тіркеу
Бұл қадамда сіз нұсқаулықпен таныса аласыз. Биометрия сіздің деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет, ол сондай-ақ басқа адамдардың сіздің атыңыздан өтініш беруіне жол бермейді.

7-қадам. NPCK веб-сайты
“Тіркелу” батырмасын басқанда, сіз Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясының (заң талаптарына сәйкес) бетіне бағытталасыз.

8-қадам. Биометрия
Содан кейін сіз биометриялық растауға қайта бағытталасыз. Бұл қауіпсіздік мақсатында сізден басқа ЕШКІМ сіздің атыңыздан қаржылық транзакцияны орындамауы үшін қажет.

9-қадам. SMS коды
Биометриядан кейін көрсетілген телефон нөміріне жіберілген кодты енгізіңіз. Назар аударыңыз: нөмір eGOV және ЭЦҚ-ға тіркелген болуы қажет.

10-қадам. Құжатқа қол қою
Кодты енгізгеннен кейін құжатқа қол қойыңыз. Бұл сіздің өтінішіңізді тіркеу үшін қажет.

11-қадам. ЭЦҚ құпия сөзі
Сізге Бұлтты ЭЦҚ-ның құпиясөзін енгізу қажет. Осы қадамда өтінішіңіз тіркеледі, ал келесі кезеңде сіз өзіңіздің лимитіңізді білесіз. Егер құпиясөзіңіз есіңізде болмаса, оны ҰКО (Ұлттық куәландырушы орталық) сайтында қалпына келтіруге болады.

12-қадам. Автокөлікті таңдау
Нұсқалардың бірін таңдаңыз. Егер көлік таңдалып қойған болса, жай ғана "иә" нұсқасын таңдаңыз да, ары қарай өтінімді жалғастырыңыз.

Егер көлік таңдалмаған болса
Сізге екі нұсқа ұсынылады. Дегенмен, көлікті біздің автопорталда таңдау мүмкіндігі тек Алматы қаласының тұрғындарына беріледі.

Әріптес автосалонынан көлік таңда
«Партнердің автокөлігін таңдау» батырмасын басқанда, сіз карта бар бетке өтесіз. Қажетті автотұрақтың қасында орналасқан «Таңдау» батырмасын басыңыз.

Өтінім
Партнерді таңдаған соң, шағын өтінім жіберу қажет болады. Алдымен қала мен автотұрақтың атауы дұрыс көрсетілгенін тексеріңіз. Содан кейін, қандай көлік қажет екенін 2-3 сөзбен қысқаша жазыңыз.

Өтінімді аяқтау
Біз сіздің өтініміңізді сәтті қабылдаймыз. Осы кезеңнен кейін өтінімді толтыру аяқталады. Біз сіздің мәліметтеріңізді аламыз, және менеджеріміз жақын уақытта сізбен байланысады.

Автопорталдан көлік таңдау
Осы нұсқаны таңдаған кезде, біз сізге несие лимитіңізге сәйкес келетін көліктер тізімін ұсынамыз. Сол тізімнен өзіңізге ұнаған көлікті таңдай аласыз.

Көлік карточкасы
Ұнаған көлігіңізге басыңыз, оның толық сипаттамасымен танысыңыз. Егер барлық талаптарыңызға сай болса, «Осы көлікті таңдау» батырмасына басыңыз.

Бәрі сәтті өтті!
«Осы көлікті таңдау» батырмасына басқаннан кейін, өтініміңіз сәтті түрде бізге жіберіледі. Біздің менеджер жақын арада сізбен байланысады.

Егер көлік таңдалып қойылған болса
Егер сіз көлікті таңдап, «Иә» батырмасына басқан болсаңыз, келесі қадамда сізге көлік туралы мәліметтерді енгізу немесе kolesa.kz сайтынан көліктің сілтемесін беру қажет болады.

Альтернативті ұсыныс
Егер біз таңдаған көлігіңізді қаржыландыра алмасақ, сізге жаңа көлік таңдауды ұсынамыз немесе бастапқы жарнаны ұлғайту мүмкіндігін қарастыруға болады.

Көліктің суреті
Егер біз сіз таңдаған көлікті қаржыландыра алсақ, келесі қадамда сізге оның жоғары сапалы суретін жүктеу қажет болады.

13-қадам. Қорытындылау жұмысы
Осымен, өтінім беру аяқталады. Келісімшартқа қол қою үшін сізді өзіңіз таңдаған қаладағы кеңсемізде күтеміз.
Автокредиттің артықшылықтары:
- Ыңғайлы. Өтінімді кез келген уақытта онлайн режимінде рәсімдеуге болады;
- қолжетімді. Алдын ала төлемнің мөлшерін, келісімшарт мерзімін және көлік құнын өзгерту арқылы өзіңізге ыңғайлы кредитті таңдауға болады;
- Пайдалы. Бағасы үнемі өсіп келе жатқан көліктер жағдайында бүгін сатып алу — ертеңге тиімді инвестиция.